“ЖАСТЫҚ ШАҚ КЕЗЕНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯ”
Keywords:
Жастық шақ кезең, психология, тұлғалық даму, эмоциялық даму, өзін-өзі тану, мінез-құлық, әлеуметтік орта, жасөспірім, психологиялық ерекшеліктер, тәуелсіздік.Abstract
Жастық шақ кезең – адамның тұлғалық қалыптасуындағы ең күрделі әрі маңызды кезеңдердің бірі. Бұл уақытта жасөспірімнің психологиялық, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы қарқынды жүреді. Өзін-өзі тану, жеке «Менін» қалыптастыру, қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату сияқты үдерістер белсенді дамиды. Сонымен қатар, бұл кезеңде мінез-құлықтың өзгеруі, эмоциялық тұрақсыздық және тәуелсіздікке ұмтылыс байқалады. Өсіпірім психологиясын зерттеу олардың ішкі жан дүниесін түсінуге, дұрыс бағыт-бағдар беруге және психологиялық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
References
Әл-Фараби - Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары (психологиялық ойлар қамтылған). – Алматы, 1998.
Выготский Л.С. Психология развития человека. – Москва: Смысл, 2005.
Төлеген Тәжібаев - Жалпы психология. – Алматы: Қазақ университеті, 2005.